Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай дәрігерлері адамға шошқаның көзін салып берді

Опубликовано:

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Офтальмологиялық институт ерекше ота жасады. Дәрігерлер шошқаның көзінің шыныайнасын адамға көшірген, деп хабарлады Zee News.

Пациенттің көру қабілеті үш ай қалыпқа келу мерзімінен кейін жақсарды. Бұл отаның сәтті өткенін айғақтады.

Пациент 60 жаста болғаны белгілі. Ол 10 сантиметр радиуста қозғалатын нәрселерді ғана көрген. Адам донорлар тапшы болғандықтан мамандар жануар материалын пайдалануды шешті. Адамдарда пайдалануға ресми аккредиттелген Acornea шынайнасы пайда болды.

Айта кету керек, Acornea-ны өзге қытайлық медициналық орталықтарда да сынайды. Тәжірибелерге қарағанда, ауыстырып орналастыру сәттілігінің көрсеткіші 94,44% құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/996074-qytay-darigerleri-adamgha-shoshqanynh-ko/

pixel