Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар тұрып жұмыс істеу денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеді

Опубликовано:

Британ ғалымдары жұмысты тұрып істеген жөн деген пікір білдірді. Бұл әсіресе кеңседе ұзақ уақытқа отырып жұмыс жасайтындарға қатысы бар.

Ғалымдардың пікірінше, тұрып жұмыс жасау жүрек ауруының және семіздіктің алдын алады. Себебі тік тұрған адамда жүрек қағысы жиілейді, сондай-ақ артық калорияларды кетіреді. Егер адам түрегеп тұрса, оның тамыр соғысы орташа алғанда 1 минутта он рет жиі соғады. Осылайша 1 минут ішінде 0,7 калория кетеді.

Ғалымдар күн ұзаққа кеңседе, орынтақта тапжылмастан отырып жұмыс істейтін адамдарға бір күнде жарты сағаттай тұрып жұмыс істеуге кеңес береді. Олардың пікірінше, нәтиже 1 ай өткенде-ақ белгілі болады.

Сондай-ақ мамандар жұмыс кезінде 15-20 минут физикалық жаттығулар жасаған жөн деп есептейді. Отырып жұмыс істеу адамдарда ішек аурулары мен буын ауруларын тудырады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/999124-ghalymdar-turyp-zhumys-istegen-densaul/

pixel