jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қанша миллиард теңге бөлінді

    : Original

    Ақпарат және қоғамдық даму министрі үкімет резервінен коронавируспен күресу үшін қанша миллиард бөлінгенін айтты. Бұл ақшаларға дәрілер, медициналық заттар, вирусқа арналған тест пен құрылғылар сатып алынған деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    .

    миорр
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Дәурен Абаев резервтен ақшаның үш траншпен - қаңтарда, ақпанда және наурызда бөлінгенін айтты. Бірінші 1,6 млрд теңге, екінші 428 млн теңге, үшінші 21,4 млрд теңге бөлінген.

    Осы қаражаттарға вируспен күресуге қажетті дәрілер, вируст анықтайтын тесттер, дезинфекция құралдары, зертханалар үшін медициналық құрылғылар және т.б. сатып алынған.

    Сондай-ақ ақша қазақстандықтардың Ұлттық жедел медициналық жәрдем орталығымен эвакуациялануын қамтамасыз етуге жұмсалған.

    Еске сала кетейік, елімізде соңғы деректер бойынша 372 адамнан коронавирус табылды.

    Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 16 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 372 науқас тіркелді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қанша миллиард теңге бөлінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.