jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейлік COVID-19 вакцинасының сынақ нәтижелері күмәнді деп жарияланды

    дәрі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Ұлыбританиядан келген ғалымдар тобы деректерді талдап, коронавирусқа қарсы "әлемдегі алғашқы" ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтары күмәнді нәтиже бергенін мәлімдеді деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы.

    Sputnik V вакцинасының иммундық жауапты тудыратыны туралы алғашқы есептер The Lancet басылымында жарияланған.

    Осыған сәйкес, халықаралық ғалымдар бірнеше ауытқуларды атап өтті.

    Вакцинаны енгізгеннен кейін әр уақытта түрлі адамдардағы иммундық жауаптың деңгейін көрсететін графиктер мәліметтердегі қайталанатын заңдылықтарды көрсетеді.

    Сарапшылар бұл "екіталай" деп болжайды.

    Лондон университеті колледжінің ассистенті, дәрігер Кристоффер ван Туллекеннің айтуынша, ауытқудың бұл мөлшері өте ықтимал емес болып көрінетін кездейсоқтардың қатары болып табылады.

    Daily Mail-дің хабарлауынша, вакцинаны жасаған Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Денис Логунов The Lancet басылымында жарияланған статистикалық айыптаулармен келіспейтінін айтты.

    Еске сала кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты. Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.

    "Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыруын көрсеткішін төмендете алуымыз керек", - деді ол.

    Ол үшін әлем болып коронавируспен күресті жалғастыру керек. Айта кетсек, Билл Гейтске айтуынша, АҚШ қалыпты өмірге келесі жазда оралуы мүмкін.Еске сала кетейік, филантропқа коронавирусты жасап шығарды деген айып тағылды.

    Кейінірек, филантроп адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берді. Ол өзіне байланысты "негізсіз" сөз байласу теорияларын жоққа шығарды.

    Ресейлік COVID-19 вакцинасының сынақ нәтижелері күмәнді деп жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.