jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    ДДСҰ: Пандемияның келесі бірнеше айы аса ауыр болмақ

    вируссс
    Көрнекі фото: www.rbc.ru

    ДДСҰ басшысы алдағы айларда коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай аса ауыр болатынын ескертті. Ұйым өкілдері қараша айында жедел оқиғалар орын алып жатса, кейбір вакциналарды ұсыну мүмкін екенін жоққа шығармады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус жақында өткен брифинг барысында алда аса ауыр кезеңдер келе жатқанын мәлімдеді. Ол келесі бірнеше айда коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті.

    "Біз COVID-19 індеті пандемиясының аса ауыр әрі маңызды қиылысында тұрмыз. Бұл жағдай әсіресе, солтүстік жартышарға тән. Алдағы бірнеше ай аса ауыр болмақ. Кейбір елдер аса қауіпті траекторияда тұр" , - деді Тедрос Адхан Гебрейесус.

    ДДСҰ басшысының бұл болжамдарына көптеген мемлекеттердегі инфекцияны жұқтыру көрсеткішінің күрт өсуі себеп болса керек. Оның сөзінше, мұндай жағдай жақында денсаулық сақтау саласындағы ресурстардың тапшылығына әкеп соқтыру мүмкін.

    Тедрос Адхан Гебрейесус әлемдік басшыларды коронавирусты жұқтыру өсіміне жол бермеуге және қлім санын азайту үшін қажетті шараларды қолдануға шақырды. Оған қоса, ұйым басшысы мектептерді жауып тастауға кеңес берді. Бұл туралы РИА НОВОСТИ хабарлады.

    Брифинг барысында қараша айында коронавирусқа қарсы кейбір вакциналардың үшінші сынағының нәтижелері шығады деген болжам айтылды. Жедел оқиғалар орын алған жағдайда үшінші сынақтан сәтті өткен аталмыш екпелер салынбақ.

    ДДСҰ: Пандемияның келесі бірнеше айы аса ауыр болмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.