jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Өткен тәулікте елімізде тағы 700-ден аса адамнан коронавирус анықталды

    бетперде1
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстарда 5 қаңтарда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 742 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 114

    Алматы қаласы - 94

    Шымкент қаласы - 2

    Ақмола облысы - 58

    Ақтөбе облысы - 10

    Алматы облысы - 52

    Атырау облысы - 101

    Шығыс Қазақстан облысы - 39

    Жамбыл облысы - 14

    Батыс Қазақстан облысы - 40

    Қарағанды облысы - 25

    Қостанай облысы - 56

    Қызылорда облысы - 8

    Маңғыстау облысы - 7

    Павлодар облысы - 55

    Солтүстік Қазақстан облысы - 55

    Түркістан облысы - 12

    Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1590 44-ге жетіп отыр.

    Сонымен қатар өткен тәулікте 785 адам індеттен жазылып шыққан. Бүгінгі күнге дейін елімізде барлығы 145 979 адам COVID-19-дан жазылған.

    Сондай-ақ 6 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 22 791 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатқаны белгілі болды. Олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    Қазіргі уақытта 299 адамның жағдайы ауыр, 45 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

    Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған науқастарға келсек, 4 қаңтардағы мәлімет бойынша аталмыш диганоз тағы 29 адамға қойылған. 100 адам жазылып шыққан.

    Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен аурыған 46 020 адам тіркелсе, оны 513-і қайтыс болған, 33 398-і жазылып шыққан.

    Өткен тәулікте елімізде тағы 700-ден аса адамнан коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.