Карантин талабын бұзған шымкенттіктер 3 млн теңге айыппұл арқалаған
Опубликовано:
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында.
ВАК-тың ресми Telegram-каналы келтірген мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкентте 58 рейд барысында 1 179 нысан тексерілген.
Оның ішінде 777-сі - тағам объектісі, 345-і - коммуналдық нысан, 57-сі - балалар мен жасөспірімдерге арналған объекті болып табылады.
Карантин шарттарын бұзу жағдайлары арасында қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің, бетперде тағы режимінің, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы және топтық іс-шаралардың өткізілуі жиі кездесуде.
Мониторинг тобымен анықталған кемшіліктер үшін 58 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, барлығы 3 019 720 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Кемшіліктер анықталған объектілер ішінде 18 қоғамдық тамақтану орны, 1 түнгі, 1 лотереялық, 3 компьютерлік және 4 бильярд клубы, 1 кинотеатр, 8 мейрамхана, 1 бургер орталығы, 9 азық-түлік дүкені, 3 лоундж-бар, 2 қораз төбелестіретін орын, 2 жанармай құю бекеті, 2 сауда нүктесі, 1 қонақ үй кешені, 1 монша, 1 балабақша бар.
Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асып кеткенін жазған едік. Денсаулық министрлігі елдегі эпидемиоогиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария еткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1894224-karantin-talabyn-bzgan-symkenttikter-3-mln-tege-ajyppl-arkalagan/