jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    "Жаппай өле бастайды": Коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпарат елдің зәресін алды

    көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Telegram арналарында қазақстандықтар "COVID-19 қарсы вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды" деген ақпаратты кеңінен талқылап жатыр. Онда коронавирусқа қарсы вакциналар инъекция жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң реципиенттердің ішкі мүшелерін жей бастайтыны айтылған. Ал өлім-жітімнің күрт өсуін "мутацияланған вирустың өршуі" деп айтады. Алайда Stopfake.kz басылы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

    Біріншіден, бұл теорияны ойлап тапқандар алғашқы сынақ басталған сәттен жарты жыл өткенін ескермей отыр. Атап айтқанда, алғашқы еріктілерге Pfizer препараты 9 айдан астам уақыт бұрын – 2020 жылғы 5 мамырда егілген. 

    Moderna өз вакцинасын сәл кейінірек – 2020 жылдың шілде айында сынай бастады. 2021 жылғы 28 қаңтарда бұл препараттың алғашқы инъекциясының еріктіге жасалғанына жарты жыл болады.

    Ресейлік Sputnik - V вакцинасының клиникалық сынақтары алты айдан астам уақыт бұрын басталған – 2020 жылғы 16 маусымда.

    Клиникалық сынақтарға алғашқы қатысушылар арасында өлім деңгейінің күрт артуы немесе ішкі ағзалардың бұзылуына байланысты оларды жаппай ауруханаға жатқызу туралы хабарланған жоқ.

    Екіншіден, ғалымдардың болжауынша, қолданыстағы вакциналар мутацияланған SARS-CoV-2 вирусына да қарсы тиімді болады.

    Егер мутация өте тез және ауыр болса, онда препараттар жасалған РНҚ платформасының арқасында қысқа мерзімде жаңа вакцина әзірлеу мүмкін.

    "Осылайша, вакциналардың "кейінгі әсерлері" мен екпе жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң ішкі ағзалардың бұзылуына әкелуі мүмкін екендігі туралы қауесет дәлелденбеген. Препараттардың алты айдан астам уақыт бұрын басталған клиникалық зерттеулері бұл теорияны жоққа шығарды", - делінген хабарламада.
    Фото
    Скриншот: stopfake.kz

    "Жаппай өле бастайды": Коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпарат елдің зәресін алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.