jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Вакцинация мен ПТР-тесттен бас тартқандарға қандай шара қолданылады

    Вакцина салдыру сәті
    Көрнекі фото: Manuel Velasquez/Getty Images

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинация мен ПТР-тесттен бас тартқан қызметкерлерге қандай шаралар қолданылатынын айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Алдағы уақытта бірқатар санаттағы адамдарды вакциналау бойынша міндетті талап болатынын білеміз. Бұл Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

    Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілік жеке тұлғалар үшін де (5 АЕК - 14 585 теңге), заңды тұлғалар үшін де қарастырылған. Жұмыс берушілер де бұл талаптарды орындамаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    "Әрбір жұмыс беруші мемлекеттік дәрігердің қаулысын қалай орындайтынын анықтауы керек. Біз үшін оның орындалуы маңызды", – дейді Айжан Есмағамбетова.

    Еске салсақ, коронавирусқа қарсы вакцина алудан бас тартатын қазақстандықтардан ПТР-тест талап етілуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.

    Оған қоса, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдыру және ПТР-тест тапсыру міндеті қандай ұжымдарда енгізілетінін түсіндірген еді.

    Осы орайда комитет басшысы ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысынан кейін заңды күшіне енетінін жеткізді.

    Вакцинация мен ПТР-тесттен бас тартқандарға қандай шара қолданылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.