jitsu gif
Денсаулық

    Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңға жуықтады

    Коронавирус
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жаңартты. Оған сәйкес, бір тәулікте 7 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

    Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.

    Аймақтар бойынша:

    • Нұр-Сұлтан қаласы - 1531
    • Алматы қаласы - 1250
    • Шымкент қаласы - 421
    • Ақмола облысы - 210
    • Ақтөбе облысы - 191
    • Алматы облысы - 220
    • Атырау облысы - 430
    • Шығыс Қазақстан облысы - 312
    • Жамбыл облысы - 137
    • Батыс Қазақстан облысы - 197
    • Қарағанды облысы - 920
    • Қостанай облысы - 213
    • Қызылорда облысы - 150
    • Маңғыстау облысы - 267
    • Павлодар облысы - 225
    • Солтүстік Қазақстан облысы - 134
    • Түркістан облысы - 117

    Осылаша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 549 628-ге жетіп отыр.

    Сонымен бірге, өткен тәулікте 5 096 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықққан. Пандемия басталғалы бері коронавирустан жазылғандар саны 457 098 науқасқа жетті.

    Еске сала кетсек, 27 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өткен болатын.

    Оның барысында ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65 пайызын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55 пайызын құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында 2 тамыздан бастап карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

    Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңға жуықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.