Карантин: Алматыда 150 адам қатысқан мерекелік кеш тоқтатылды
Жарияланған күні:

Алматы қаласындағы мейрамханалар мен дәмханаларда бір тәулікте 20 карантин режимінің бұзылғаны анықталды деп хабарлайды Қазақпарат.
Қазіргі уақытта коронавирус індетіне байланысты мегаполисте карантин режимі енгізілгені белгілі. Осыған қарамастан, Алматы қаласындағы ойын-сауық мекемелерінде түрлі шаралар өтіп жатыр.
Рестораторлар белгіленген жұмыс уақытын елемейді.
21-23 тамыз аралығында жиналған материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық бөлімшелеріне жіберілген.
Барлық факті бойынша әкімшілік жаза қолданылады.
- Мысалы, 21 тамызда сағат 19.00 шамасында тыйым салынғанына қарамастан, М.Әуезов ауданы, Ақсай 4 шағын ауданында "Достар" мейрамханасы жұмыс істеп, онда 150 қонақтың қатысуымен іс-шара өтті.
- Дәл сол күні Наурызбай ауданының тексерушілері кешкі сағат 17.10 шамасында «Ақжар» шағын ауданындағы "Самир" мейрамханасында 80 келуші болған заң бұзушылықты анықтады.
- Тағы бір банкет жасырын түрде Наурызбай ауданы, Дрозды көшесіндегі жеке үйде өтті, онда 30 қонақ болды. Тексерушілер хабарлағандай, мұнда құдалық болған.
- 21 тамызда Алмалы ауданының мониторинг тобы кешкі сағат 22 шамасында карантинді бұзған 50 адам бар "Летный двор" кафесінің жұмысын тоқтатты.
- Сол күні, шамамен сағат 23.00-де Алмалы ауданының Құрманғазы көшесіндегі "1917" кафесінде тәртіп бұзушылық анықталды, шамамен 16.30-да Бостандық ауданындағы "Bi Kumis" мейрамханасында 100 қонақ шақырылған банкет тоқтатылды.
- 22-23 тамыз аралығында Алматыда 12 карантиндік бұзушылық анықталған.
- Тексерушілер жексенбі, 22 тамызда демалыс күндері жұмысқа толық тыйым салынғанына қарамастан, Бостандық ауданы Алма Арасан көшесіндегі "Холам" кафесінің жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Мекеме ішінде 30-ға жуық адам болған.
- Сол күні Дулати көшесінде "У Исабая" кафесі жұмыс жасаған, тексерушілер 80 адамды таратты.
- 22 тамызда Алатау ауданында мониторинг тобы "Фируза" мейрамханасын ашылғанын және 40 қонақтың болғанын анықтады.
- Наурызбайдағы "Нұр-Ай" мейрамханасында 60 қонақ қатысқан шара өткізілген.
Алматыда патрульдік экипаждар ойын-сауық мекемелерінің жанында кезекшілік етеді, барлығы 150-ге жуық нысанға бақылау орнатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1928651-karantin-almatyda-150-adam-qatysqan-merekelik-kes-toqtatyldy/