Астанада астан уланған 20 адам ауруханаға түсті
Жарияланған күні:

Кеше елордадағы "Көктем" дәмханасынан ас ішкен адамдардың ішек инфекциясынан жаппай улану жағдайы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттіктің хабарлауынша, аталған факті бойынша дәмханада эпидемиологиялық тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
"Бүгінде астан уланғандар саны 20 адамға жетті, оның 11-і бала. Зертханалық зерттеулерге тағам өнімдері, сыртқы ортадан алынған жұғындылар, сондай-ақ қызметкерлер тексерілді", - деді Жанна Пралиева.
Қазір зертханалық сынақ нәтижелері әзірленіп жатыр.
"Тергеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, жаппай улану жағдайының тіркелуіне байланысты полиция басқармасы тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2236737-astanada-astan-ulangan-20-adam-auruhanaga-tusti/