Денсаулық

Зектілері

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Жарияланған күні:

Ержан Сүлейменов
Ержан Сүлейменов. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ержан Әбілқасымұлы 1979 жылы дүниеге келген. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын "дәрігер" мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.

Еңбек жолын 2003 жылы "Республикалық ЖИТС орталығы" ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын.

Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Global Health Solutions (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет еткен.

"Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2241996-almaty-oblysynyng-densaulyq-saqtau-basqarmasyna-zhanga-basshysy-tagaiyndaldy/