jitsu gif
Денсаулық

    Қазақстанда медбикелерге кейбір дәрі-дәрмек рецепттерін жазуға рұқсат берілмек

    Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері
    Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта дәріге рецепт беру процесін оңтайландыру бағытында қабылданып жатқан шаралардың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

    "Қазір Денсаулық сақтау министрлігі орта медицина персоналына дәрі-дәрмек рецептін жазуға рұқсатын беру мәселесін пысықтап жатыр. Ол үшін дәрігер нақты сол дәріні тағайындағаны туралы құжат керек. Яғни созылмалы ауруы бар науқастар дәріге рецепт алу үшін дәрігердің алдына бармай-ақ, орта медициналы персоналына жүгінсе жетіп жатыр", - деп жазылған жауапта.

    Вице-премьер 2023 жылдың шілдесінен бастап диспансерлік есепте тұрған науқастарға берілетін рецепт мерзімі бір айдан үш айға дейін ұзартылғанын еске салады.

    "Емханаларда дәрі рецептін QR-код пен СМС-код арқылы да, қағаз күйінде де алуға болады. Бүгінде "Әлеуметтік әмиян" жобасының аясында дәрі-дәрмек беру процесі ашық бола түсті, - деп жазылған вице-премьер жауабында.

    Айта кету керек, заң бойынша орта медицина персоналына мына санаттағы қызметкерлер жатады:

    1) фельдшерлер:

    2) рентген зертханашылары:

    3) мейіргерлер;

    4) дезинфекторлар,

    5) клиника зертханашысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.