jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Ғалымдар мидың қартаюын тежейтін әдеттерді атады

    Ми
    Ми. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ғалымдар жүйелі қимыл-қозғалыс адамның ойлау қабілетін ұзақ жылдар бойы сақтап тұратынын дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Journal of Prevention of Alzheimer’s Disease журналына сілтеме жасап.

    Джорджия университетінің зерттеушілері физикалық белсенділіктің ми қартаюын баяулататынын анықтады. Ғалымдар бұл тұжырымға 50 жастан асқан 13 мыңнан астам адамның деректерін саралау арқылы келген.

    Мамандардың айтуынша, адам неғұрлым белсенді өмір сүрсе – соғұрлым оның есте сақтау, назар аудару және басқа да когнитивтік қабілеттері баяу төмендейді. Бір аптада бір рет қозғалғанның өзі миға пайда әкелсе, ал үнемі жаттығу жасап тұру – әсерін еселей түседі.

    Зерттеу барысында жеңіл (үй тазалау, жөндеу жұмыстары), орташа (бақша күту, би), және қарқынды (жүгіру, жаттығу залындағы спорт) қозғалыстар қарастырылған. Мәселен, айына бір рет емес, аптасына бір рет қимылдаудың өзі когнитивті құлдырауды бәсеңдетеді.

    Ғалымдардың пікірінше, ақыл-ойдың тозуын аздап болса да баяулатудың өзі адамға бірнеше жыл бойы деменциясыз, еркін және сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді.

    Сондықтан олар дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге жай ғана кеңес беріп қана қоймай, азаматтардың қозғалысқа бейім әдетін қалыптастыруға көмектесу керек дейді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.