jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    "СҚ-Фармацияға" жаңа басшы келді

    Нұрлыбек Асылбеков
    Нұрлыбек Асылбеков. Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

    "СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы болып Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, Нұрлыбек Асылбеков бұған дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

    Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын, 2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын бітірген. Білім алған амандықтары: провизор, заңгер, экономист.

    Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.

    2002 жылдан 2020 жылға дейін ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды.

    2007 жылдан 2009 жылға дейін Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

    Кейін әр жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.