jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Кішігірім той жасайды": Қызылорда облысында аурухана әкімшілігі нәрестені перзентханадан шығарарда шоу жасамауды өтінді

    анасы мен баласы
    Анасы мен баласы. Иллюстрациялық фото: undefined undefined / Getty Images

    Қызылорда облысы Шиелі аудандық ауруханасының әкімшілігі жаңа туған нәрестені перзентханадан шығарып алар кезде шоу жасамауды талап етіп, тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Аурухана әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, күн сайын сағат 12:00-ден бастап жұмыс уақытының соңына дейін аудандық аурухана алды тойдағыдай у-шуға, қаптаған көліктерге, аниматорларға толады.

    "Ата-аналар, тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Бірнеше рет ескерту жасалды. Ескертуге қарамастан, думанды той күнде жалғасуда. Тұрғындар жаңа босанған анаға, өмірге келгеніне жеті күн толмаған баласына ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, әншілерді, аниматорларды жалдап, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдетке айналдырып бара жатыр", - делінген хабарламада.

    Бұл ретте, медицина ұйымының өкілдері аудандық аурухана көпбейінді болғандықтан, басқа да бөлімшелерде кей науқастар өмірі үшін күресіп жататынын еске салды.

    "Жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатқан ауыр жағдайдағы науқастарға және жанын шүберекке түйіп, тілеуін тілеп отырған олардың туыстарының жағдайына адами тұрғыдан түсіністікпен қараған жөн.

    Перзентхананың жансақтау бөлімінде де өмірі үшін күресіп жатқан нәрестелер бар екенін естен шығармаған абзал. Нәрестені өмірге әкелген аналардың да реанимацияда жататын жағдайлар болады", - делінген хабарламада.

    Аурухана өкілдері анасы сияқты нәрестеге де дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы күндері тыныштық пен демалу қажет екенін еске салды.

    "Бұл орайда қаумалап келген туған туыстың у-шуы және қатты музыка жаңа туған нәрестенің есту қабілетіне зақым келтіруі мүмкін екенін, тіпті нәрестеде неврологиялық мәселелер тудыруы мүмкін екенін білу маңызды.

    Сондықтанда баланы шығарып алуға келгенде аудандық аурухана айналасында, перзентхана маңында шоу-бағдарлама жасап, түрлі аниматорларды жалдамауды әкімшілік тарапынан талап етеміз", - деп ескертті аурухана әкімшілігі.

    "Кішігірім той жасайды": Қызылорда облысында аурухана әкімшілігі нәрестені перзентханадан шығарарда шоу жасамауды өтінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.