jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Марат Пашимов
    Марат Пашимов. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Марат Пашимов тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылғы 21 шілдеде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

    Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары мейіргер, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген.

    Сондай-ақ реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс пен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

    2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

    Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.