jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Дәрігерлер қарбызды белгілі бір мөлшерден артық жеуге болмайтынын ескертті

    Қарбыз
    Қарбыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарбыз маусымы басталды. Тәтті және шырынды бақша өніміне аптап ыстықта сұраныс арта түседі, осы орайда дәрігерлер қарбызды тым көп мөлшерде жеу зиян екенін ескертті, деп хабарлайлы Аlmaty.tv тілшісі mir24.tv-ға сілтеме жасап.

    Бақша өнімдерінің кез келген түрі секілді оның да мөлшерін шектеп тұтыну қажет. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, бір ретте 200-300 граммнан артық қарбыз жеуге болмайды.

    Егер сіз осы мөлшерден көп жесеңіз, әсіресе физикалық белсенділік жетіспесе, артық калория мен қант жинақталуы мүмкін. Қарбыздың калориясы көп, сондай-ақ артық қант дене салмағына әсер етуі мүмкін.

    Сондай-ақ қарбызды сатып алатын орынның сапасына назар аудару маңызды. Сатушының санитарлық талаптарға сәйкес келуін және барлық қажетті құжаттың болуын тексеріңіз.

    Сатушы Орхан ыстық жаздың өнімдерін жинап, пайда көрмек. Оның сататын жолақты жемісі Дағыстаннан жеткізіледі. Тамыздың басында мұндай қарбызға сұраныс артады.

    "Біз екі тонна қарбызды алып келіп, екі күнде сатып жібереміз. Үлкен қарбыздар 12-15 килограмм болады. Піскені барабан сияқты дыбыс шығарады. Өте дәмді, тәтті", – деді сатушы Орхан Абдуллаев.

    Мамандар қарбызды таңдаудың бірнеше тәсілі бар дейді. Оларды есте сақтау оңай:

    • қабығы қатты және жылтыр болуға тиіс, ал жолақтары барынша қанық болғаны жөн.
    • енді бір тәсіл көпшілікке таныс. Сыртын алақанмен ұрсаңыз барабан секілді дыбысы анық шығады.
    Дәрігерлер қарбызды белгілі бір мөлшерден артық жеуге болмайтынын ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.