jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Медицина қызметкерлерін қорғау: Астанадағы ауруханаларда полиция бекеті жұмыс істей бастады

    Ауруханадағы полиция қызметкерлері
    Ауруханадағы полиция қызметкерлері. Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

    Астана қаласының алты стационарында медицина жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы қызмет көрсететін күзет бекеттері ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әкімдіктің мәліметінше, аталған шара пациенттермен бірге келетін адамдардың медициналық персоналға шабуыл жасау жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылданған.

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, күзетті ІІМ жүйесіне кіретін полиция департаменті жанындағы мамандандырылған күзет қызметінің мамандары қамтамасыз етеді.

    "Медицина жұмыскерлерін құқықтық тұрғыдан қорғауды күшейту және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мақсатында полиция департаментімен бірлесіп тәулік бойы күзет бекеттері ұйымдастырылды.

    Полиция қызметкерлері оқыс оқиғалар жиі болатын қабылдау бөлмелерінде кезекшілік қызметін атқаратын болады.

    Азаматтардың құқыққа қайшы келетін әрекеттері туындаған жағдайда полиция қызметкерлері олардың алдын алу үшін заң аясында әрекет етуге құқылы", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қадыр Жарасбаев.

    Бүгінде күзет бекеттері ересектерге арналған үш қалалық көпсалалы ауруханада, №2 қалалық балалар ауруханасында және екі республикалық клиникада ұйымдастырылған.

    Жақын арада полиция департаментімен бірлесіп №1 және №3 көпсалалы балалар ауруханаларында, сондай-ақ қалалық перинаталдық орталықта күзет бекеттерін қою мәселесі пысықталып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды мен Қостанайда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандықтарға үндеу жасап, адам өмірін арашалап жүрген жандарға қарсы қатыгездікті тоқтатуға шақырған еді.

    Сондай-ақ министр медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуіне байланысты ішкі істер министрімен бірлесіп, шұғыл түрде ургенттік стационарлардың, балалар және перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы күзет посттарын күшейту туралы шешім қабылданғанын айтқан еді.

    Оның сөзінше, биылғы қыркүйекте медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер парламентке енгізіледі.

    Мемлекет басшысы ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

    Медицина қызметкерлерін қорғау: Астанадағы ауруханаларда полиция бекеті жұмыс істей бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.