jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына" жаңа басшы тағайындалды

    Рүстем Төлеутаев
    Рүстем Төлеутаев. Фото: gov.kz

    "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ басқарма төрағасы болып Рүстем Мұхтарұлы Төлеутаев тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тиісті шешім С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған.

    Министрліктің мәліметінше, Рүстем Төлеутаев клиникалық және басқарушылық тәжірибесі бай Қазақстанның жетекші кардиохирургтарының бірі болып саналады.

    Ол 2006 жылы Новосібір мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін, 2007 жылы Новосібір облыстық ауруханасының базасында жалпы хирургия бойынша интернатураны, 2009 жылы академик Мешалкин атындағы қанайналым патологиясы ҒЗИ-да жүрек-қан тамырлары хирургиясы бойынша клиникалық ординатураны үздік бітірген.

    2013 жылы Milano-Bicocca (Италия) университетінде кардиохирургия бойынша магистр дәрежесін қорғаған.

    2009-2015 жылдары академик Мешалкин атындағы қанайналым патологиясы ҒЗИ жаңа хирургиялық технологиялар орталығында кардиохирург, сондай-ақ 2012-2013 жылдары Италияның Бергамо қаласындағы Papa Giovanni XXIII клиникасының кардиохирург дәрігері болып жұмыс істеген.

    2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохирургия және жүректі трансплантаттау бөлімінің (Алматы қаласы) меңгерушісі қызметін атқарған.

    2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін кардиохирургия қызметін, жүрек-қан айналымы зертханасын, сонымен қатар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ операциялық блогы мен кардиохирургия бөлімін басқарған.

    "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына" жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.