jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылып жатыр

    Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылуда
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырауда алғаш рет медициналық ұйымдарды бағалау бағытында ұлттық аккредитация сарапшыларын даярлауға арналған оқыту бағдарламасы басталды. Семинар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен және Accreditation Center for Quality in Healthcare қолдауымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Бес күндік бағдарламаға Шымкент, Алматы, Қостанай және Атырау облыстарынан 20-ға жуық сала маманы қатысып жатыр.

    Бағдарлама аясында халықаралық деңгейдегі төрт спикер тыңдаушыларға жаңартылған ұлттық және халықаралық стандарттар, медициналық ұйымдарды тексерудің жаңа әдістері, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, экология және тәуекелдерді басқару, пациент құқықтары, қауіпсіздік мәдениеті, клиникалық сапа және бірыңғай бағалау жүйесі бойынша дәріс өтеді. Сонымен қатар қатысушылар нақты жағдайларды талдап, практикалық тапсырмалар орындайды.

    Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылуда
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    "Оқыту аяқталған соң қорытынды тестілеу жүргізіледі. Кейін мамандар бақылаушы ретінде практикадан өтеді. Нәтижесінде жақсы сарапшылар сыртқы кешенді бағалау сарапшысы ретінде базаға тіркеледі", - деді ACQH ҚБ басшысы Бөтагөз Қаупаева.

    Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылуда
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Аккредитациядан өткен сарапшылар медициналық ұйымдардың сыртқы кешенді бағалауын жүргізіп, денсаулық сақтау саласында сапаны арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қоспақ.

    Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылуда
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.