jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Кептірілген жемістің қыста қандай пайдасы бар екенін білесіз бе

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Америка ғалымдары қыста жаңа піскен жеміс жетіспеген кезде, оның орнына кептірілген жемісті жеп, жаңа піскен жемістің нәрі мен құнарлығындай пайда алуға болатынын мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

    Зерттеу жұмысының нәтижесін Journal of the Academy of Nutrition and Dietetics басылымы жария етті.

    Пенсильвания университетінің мамандары 9 жыл зерттеу жасап, жаңа піскен жемістің орнына кептірілген жемісті жеуге болатынын, екеуінің құнарлығы бірдей екенін анықтады.

    Жоғарғы оқу орнының ғалымдары 2007-2016 жылдары АҚШ-та жүргізілген Ұлттық денсаулық сақтау және тамақтану зерттеуінің мәліметтерін талдай келе, кептірілген жеміс жеген азаматтардың рационы мен денсаулық жағдайына үңілген.

    Олар тәулігіне 4 стақан не одан көп кептірілген жеміс жеген 20 жастан асқан 25 мыңнан аса адамды бөліп алған. Ал олардың денсаулығы мен кардиометаболикасын, диетасын Сау тамақтану индексінің мәліметтерімен салыстырыпты.

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Зерттеушілер назарға алынған деректерді қорытындылай келе, кептірілген жеміс жеген адамдардың денсаулығы жемегендерге қарағанда әлдеқайда жақсы күйде болғанын анықтады.

    Сонымен қатар, ондай адамдардың дене салмағы қалыпты, қан қысымы жоқ, белінде артық салмағы жоқ екені белгілі болды.

    Одан бөлек, кептірілген жеміс жеген күнгі қан айналымы мен жалпы ағзаның күйі жемеген күнге қарағанда әлдеқайда жақсырақ болатынын да байқаған.

    Алайда ғалымдар кептірілген жемісті қантсыз құр күйде жеген дұрыс дегенді айтады. Себебі қант қосылған жемісте қоректік талшық, калий мен жартылай қорытылған май сынды артық заттар көбейіп кететін көрінеді.

    "Кептірілген жеміс – пайдалы азық, бірақ оны қантсыз, тәтті қосылмаған күйінде жеген жөн. Кептірілген жеміс жаңа піскен жеміске қарағанда кішірек болғанымен, құнарлығы онымен тең. Өйткені кептірілген жемісте су болмайды. Сондықтан бір жағынан рационға да қараған дұрыс", - дейді зерттеу авторларының бірі, Джонс Хопкинс қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми қызметкері Валери Салливан.

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік.

    Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Бұл туралы толық ақпарат сілтемеде.

    Сонымен қатар бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған болатынбыз.

    Кептірілген жемістің қыста қандай пайдасы бар екенін білесіз бе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.