jitsu gif
Денсаулық

    Офтальмолог кірпікке жағатын сүрменің кесірінен көз жанарынан айырылу қаупі барын ескертті

    көз
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Контактілі линза тағатын әйелдер сапасы нашар сүрме қолданар болса көз жанарынан айырылып қалу қаупі туындауы мүмкін. Бұл туралы URA.RU сайтына сұхбат берген офтальмолог, "Доктор Шилова клиникасының" бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Татьяна Шилова айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Офтальмолог-терапевттердің қабылдауына сапасыз косметиканың, атап айтқанда, сүрме әсерінен қиындықтарға тап болған науқастар жиі келуде. Олар сүрме құрамындағы белгілі бір компоненттермен байланысты реакциялардың әсеріне шағымданады. Нақтырақ айтқанда, бұл - ағзаның улануы. Оның әсерінен көз қызарып, жасаурайды, көру өткірлігі төмендейді, көздің беткі қабаты босаңсиды.

    Басқа аллергиялық компонент әсерінен көз қышып, аши бастайды. Бұл өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетеді және ол бірнеше аптаға созылатын ұзақ мерзімді емдеуді талап етеді.

    Мұндай аллергиялық реакциялар болған кезде контактілі линзалар қолданатын болсаңыз, онда көз жанары қатты нашарлап қана қоймай, тіпті көру қабілетінен айырылып қалу қаупі туындауы мүмкін", - дейді Татьяна Шилова.

    Сондай-ақ, дәрігер аллергиялық реакциялардың салдарынан көздің беткі қабатының тосқауылдық қызметі бұзылатынын атап өтті.

    "Оған микроорганизмдер еніп кетуі мүмкін, ал егер біз оның үстіне контактілі линза тағып алсақ, онда микроорганизмдерге қолайлы жылы, ылғал, қоректік заттары мол орта пайда болады. Олар көзге тереңірек еніп, қасаң қабықтың қабынуына - кератитке әкеп соғады", - дейді офтальмолог.

    Татьяна Шилованың айтуынша, бұл ауру емделсе де, көздің қасаң қабығында бұлыңғырлық пайда болады, салдарынан көру өткірлігі төмендеуі мүмкін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.