Денсаулық

Зектілері

Әскерден мүгедек болып оралған: денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы туралы айтты

Жарияланған күні:

медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Фото: KAZ.NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін брифингте мерзімді әскери қызметте жүріп, комаға түскен Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірнеше күн бұрын сарбаздың ата-анасымен кездескенін айтты. Оның сөзінше, қазір сарбаз Ұлттық медициналық орталықта оңалтуда.

"Әкесі қасында, диагнозына сәйкес барлық қажетті көмекті алып жатыр. Жарақатымен қатар инфекция жұқтырғандықтан емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға да барды, қазір осында ем алып жатыр.

Біз ата-анасымен қажет болса емді шетелде жалғастырамыз деген мәселені талқыладық, бірақ олар Қазақстанда емделуге келісім берді. Алдын ала болжам жасамаймыз, қажетті емнің бәрін істеп жатырмыз", - деді министр Ақмарал Әлназарова.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде әйел адам әскери борышын өтеуге кеткен ұлының мүгедек болып оралғанын айтты. Жағдайға Ұлттық ұланның баспасөз қызметі түсінік берген болатын.

Артынша Қорғаныс министрлігі әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жарақат алу оқиғасына байланысты ресми хабарлама жариялады.

Сол уақытта бұл жағдайға пікір білдірген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаздың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Былтыр қыркүйекте Мұхтар Ербаян емделу үшін Стамбұлға барып келді.

Жыл басында қоғам белсендісі Инга Иманбай әскери борышын өтеп жүргенде комаға түскен Ербаян Мұхтардың денсаулығында оң өзгеріс бар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2240505-askerden-mugedek-bolyp-oralgan-densaulyq-saqtau-ministri-erbaian-muhtardyng-qazirgi-zhagdaiy-turaly-aitty/