Француз ғалымдары безеуге қарсы вакцина ойлап тапты
Жарияланған күні:

Француз ғалымдары әлемде алғаш болып безеуге қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл туралы Live Science басылымына сілтеме жасаған 24KZ хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, препарат иммундық жүйені тері ауруларын тудыратын бактериялардан қорғайды. Қазір вакцинаға клиникалық зерттеу жүргізіліп жатыр.
Сынақ жұмыстары 2027 жылға дейін жалғасады. Оған 18 бен 45 жас аралығындағы ем қабылдап жүрген 400-ге жуық ерікті қатысады.
Олардың жартысына вакцина, қалғанына плацебо сияқты препараттар егіледі.
Айта кетейік, бұған дейін мұрынға, иекке шығатын безеулерге қатысты халық арасында таралған наным-сенімдер туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2241291-frantsuz-galymdary-bezeuge-qarsy-vaktsina-oilap-tapty/