jitsu gif
Денсаулық

    Смартфонға тәуелділік: Жапонияда басы салбырап қалған жігітке күрделі ота жасалды

    Смартфон ұстаған адам
    Смартфон ұстаған адам. Фото: pexels.com

    Жапонияда смартфонды шамадан тыс қолданған 25 жастағы жігітке сирек кездесетін "салбыраған бас синдромы" диагнозы қойылды. Бұл дерт көбіне жүйке-бұлшықет ауруларымен байланысты болғанымен, кей жағдайда ұзақ уақыт бойы бастың алға қарай еңкейіп тұруынан да туындауы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Daily Mail басылымының жазуынша, науқас күнделікті өмірінің басым бөлігін телефон экранына үңілумен өткізген. Соның салдарынан оның мойын омыртқасы деформацияға ұшырап, омыртқааралық тіндер зақымданған. Уақыт өте келе жігіттің мойын бұлшықеттері әлсіреп, басын көтеруге қауқарсыз болып қалған. Сонымен қатар тамақ жұтуда қиындықтар туындап, дене салмағын күрт жоғалта бастаған.

    Дәрігерлер бастапқыда арнайы мойын тіреуіштерін қолданғанымен, нәтиже болмаған соң бірнеше кезеңнен тұратын күрделі ота жасады. Қисайып қалған ұшыраған омыртқа бөліктері мен зақымданған тіндер алынып, орнына темір таяныштар орнатылды. Алты айдан соң науқас басын қайта көтере алатын болған, сөйтіп омыртқасы да қалпына келе бастаған. Бір жылдан кейін жағдайы тұрақты деп танылды.

    Бұл оқиғаны смартфонды ұзақ уақыт қолданудың адам ағзасына, әсіресе омыртқаға тигізер зияны туралы нақты ескерту деп қабылдауға болады. Дәрігерлер жастарға дене қалпын дұрыс ұстауға, телефонды ұзақ қолданудан аулақ болуға, үнемі қозғалыста болуға кеңес береді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.