jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Армандар орындалады: президент қолынан марапат алған дәрігер ерекше оқиғасын айтып берді (видео)

    Шолпан Алтынова
    Шолпан Алтынова. Видеодан кадр: instagram.com/akordapress

    Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алған Ана мен бала орталығының нефролог-дәрігері Шолпан Алтынова ерекше оқиғаны бөлісті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шолпан Алтынованың айтуынша, 2023 жылы мемлекет басшысы Ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап келген.

    Кездесу барысында бүйрек трансплантациясы бойынша кезегін күтіп жатқан Әнел деген қыз баланың арман-тілегін тыңдаған.

    Сонда Қасым-Жомарт Тоқаев армандар орындалатынын айтқан.

    2024 жылы Әнелге бүйрек трансплантациясы жасалған. Қазір ол білім алып, алаңсыз балалық шағын өткізіп жатыр.

    Айта кетейік, бүгін президент алғаш рет Ақордада медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, оларды отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін марапаттады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.