jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елімізде "Әйелдер консультациясы" бөлімшелері қайта жұмыс істей бастайды

    аяғы ауыр әйел
    Аяғы ауыр әйел.Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Қазақстанда "Әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, "Әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді.

    Бастаманың мақсаты – еліміздегі әйелдер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру", - делінген хабарламада.

    Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында:

    • Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары;
    • Отбасын жоспарлау орталықтары;
    • Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері;
    • Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер;
    • Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері ашылады.
    Елімізде "Әйелдер консультациясы" бөлімшелері қайта жұмыс істей бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.