jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте жарақат алған франциялық боксшыға шұғыл ота жасалды

    Ота жасап жатқан хирургтар
    Ота жасап жатқан хирургтар. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Шымкенттегі ауруханалардың бірінде франциялық боксшыға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқарамасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Франция азаматы, кәсіби боксшы Клаус Демери жарыс кезінде жарақат алып, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жеткізілген.

    Оған:

    • жабық сыртқы мұрын сүйектерінің сынығы;
    • сол жақ гаймор қуысының орбиталық қабырғасының ығысқан сынуы;
    • көз алмасының жұмсақ тіндерінің гаймор қуысына түсуімен қатар жүретін жарақат диагнозы қойылған.

    Боксшы шұғыл түрде ЛОР бөлімшесіне жатқызылып, сүйек сынықтарын репозициялау және эндоскопиялық баллонопластика отасы жасалған.

    Ота сәтті өтіп, пациент бесінші тәулікте ауруханадан шығарылған.

    Клаус Демери өзіне дер кезінде көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне алғысын айтты.

    Шымкентте жарақат алған франциялық боксшыға шұғыл ота жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.