jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Екінші рет өмірге келгендей болды": алматылық мейірбикелер ұшақта жолаушыны құтқарып қалды

    Алтынай Қартабаева мен Айдильда Қонақбаева
    Алтынай Қартабаева мен Айдильда Қонақбаева. Фото: ДСМ

    Алматылық мейірбикелер халықаралық рейс кезінде жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 17 тамызда Алматыдан Қазанға бағыт алған ұшақ бортында жолаушының жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Ер адамның артериялық қысымы 70/30 мм сын. бағ. дейін төмендеп кеткен. Тамыр соғысы әлсіз болған және әрең сезілген.

    Жолаушыға сол жерде Қазаннан келген ультрадыбыстық диагностика дәрігері Наиля Ровкач пен Алматыдан оқуға іссапарға ұшқан Алматы онкологиялық орталығының мейірбикелері – Алтынай Қартабаева мен Айдильда Қонақбаева көмек көрсеткен.

    Дәрігердің айтуынша, жағдай шұғыл әрекеттерді қажет еткен. Шектеулі кеңістік жағдайында инфузиялық терапия жүргізу қажет болған. Дәл осы жерде Наиля Ровкач алматылық мейірбикелердің кәсібилігіне тәнті болғанын айтады.

    "Олар қажетті нұсқауларсыз-ақ бірден жұмысқа кірісті. Іс-әрекет алгоритмін және қажетті дәрі-дәрмектерді нақты білді. Олардың кәсібилігі мені таңғалдырды. Біз көптен бері бір командада болғандай жұмыс істедік", - дейді Наиля Ровкач.

    Төмен қысымға және жүйені ұшақ жағдайында орнатудың қиындығына қарамастан, мейірбикелер барлығын сәтті орындаған. Олардың жедел әрекетінің арқасында жолаушы есін жиып, шұғыл қонғаннан кейін қосымша тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізілген.

    ДСМ өкілдерінің хабарлауынша, дәл сол күні науқастың туған күні еді. Қазандық дәрігер мен алматылық мейірбикелердің жедел әрекетінің арқасында ер адам екінші рет өмірге келгендей болған.

    Сондай-ақ Наиля Ровкач өз хатында ризашылығын білдіріп, мейірбикелердің кәсібилігін атап өтуді өтінген.

    "Екінші рет өмірге келгендей болды": алматылық мейірбикелер ұшақта жолаушыны құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.