jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысындағы жол апаты: дәрігерлер аман қалған жасөспірімнің жағдайы туралы айтты

    Медициналық аппарат
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы 23 қазанда болған жол апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты. Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілген адамдардың арасында 16 жастағы жасөспірім бар, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

    Басылым мәліметінше, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев бүгін бірнеше науқас санавиациямен Ақтөбеге жеткізілетінін айтқан.

    "Бүгін біз қалаға үш пациентті санавиация арқылы жеткіземіз. Олардың бірі – 16 жастағы бала. Жағдайы ауыр. Біз Ұлттық шұғыл медициналық жедел жәрдем орталығымен байланыстамыз. Қажет болған жағдайда оны санавиация арқылы Астанаға жібереміз. Қазір ондай қажеттілік жоқ. Барлығы толық тексеруден өтіп жатыр", - деді ол брифингте.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапты.

    Жол апатынан зардап шеккен тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

    Кейін Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылғанын хабарлаған едік. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев комиссия мүшелеріне зардап шеккендерді Астанаға жеткізуді тапсырды.

    Ақтөбе облысындағы жол апаты: дәрігерлер аман қалған жасөспірімнің жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.