jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматыда үш баланың анасы босанғаннан кейін көз жұмды

    : Facebook

    Алматыда үш баланың анасы босанғаннан кейін көз жұмды. Кесарево арқылы баласын дүниеге әкелген келіншектің іш қуысына қан кетіп, нәтижесінде ол қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі сурет: vseprorebenka.ru
    Көрнекі сурет: vseprorebenka.ru: Facebook

    Әйел адамның өлімі туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлады. Марқұм келіншектің әпкесі қайғылы оқиға орын алған күні не болғанын Instagram парақшасында баяндап берген.

    Оның сөзінше, үш баланың анасы Алматыдағы №1 перзентханаға түскен.

    "17 шілде күні сағат 03:00-де дәрігерлер кесарево жасап, сәби дүниеге келді. Алайда, босанудың cоңы қайғылы жағдаймен аяқталды" , - деп жазды марқұмның туысы.

    Өз жазбасында ол операциядан кейін сіңлісінің жағдайы ауыр болғанын жазды. Келіншек қатты ауырып, өзін жаман сезініп жатқанын айтып шағымданған.

    Алайда, дәрігерлер бұл организм үшін қалыпты әсер ету екенін жеткізіп, бәрі жақсы боларына сендірген.

    "Біраздан соң оның іш қуысына қан кетіп, отаға тек кешкі бесте бір-ақ алып кетті. Оны құтқарып қала алмадық. Тым кеш болды" , - деп есіне алды әйел адам.

    Ол медицина қызметкерлері жаңа босанған әйелге көмектесу үшін уақытты жіберіп алғанына сенімді.

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz журналистеріне оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде беріп, бұл факт бойынша тексеріс жүргізілетінін хабарлады. Ол үшін арнайы кешендік комиссия құрылған.

    Алматыда үш баланың анасы босанғаннан кейін көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.