jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем босанды (фото)

    Үшем
    Фото: ernur.kz

    Еліміздің үшінші мегаполисінде тағы да үшем дүниеге келді. Бұл туралы ERNUR.KZ сайты хабарлады.

    Порталдың мәліметінше, қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары.

    24 жастағы үшемнің анасы Ақмарал Шымкентбаеваға дәрігерлер 19-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған. Дүниеге келген үшем жансақтау бөліміне жатқызылған.

    Одан кейін қарқынды терапия бөлімінде ем алған. Осылайша, жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімге ауыстырылған.

    Сәбилерге Ахметжан, Ақжан және Мұхаметжан есімдері берілген. Қазіргі уақытта анасы мен балаларының жағдайы жақсы, ауруханадан шығарылған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте он жылдан бері бала сүйе алмаған әйел бірден үшем босанғанын жазған едік.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, келіншек тұңғышын 2010 жылы босанған екен.

    "Сол уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, жүкті болуды ұзақ жылдар бойы жоспарлап жүріпті. Осылайша ерлі-зайыптылардың он жылдан бері бала сүйгісі келген армандары орындалып, бірден үш перзентті дүниеге әкелді", - дейді ведомстводан.

    Жарық дүние есігін ашқан екі қыз бен бір ұлға Айым, Рахат, Аяла есімдері берілген.

    Одан бөлек, Түркістан қаласында да 39 жастағы алты баланың анасы үшем босанған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.