jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Оралда егіз босанған 35 жастағы әйел қайтыс болды

    Әйел емханада
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Оралда егіз сәбиді дүниеге әкелген 35 жастағы келіншек көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, дәрігерлер марқұмның денсаулығында кінәрат болғанын айтқан. Бұған дейін үш баланы өмірге әкелген келіншектің бүйрегі ауыратыны, сондай-ақ анемия екені анықталған.

    Мамандардың айтуынша, марқұм үшінші баласын босанғаннан кейін бес ай өткен соң тағы да құрсақ көтерген. Әйелдің ағзасы қалпына келіп үлгермегендіктен, бұл да оның денсаулығына кері әсерін берген.

    "Босанар кезде марқұмның ауруы көп болғаны анықталды. Қан қысымы жоғары, гемоглобині төмен. Босанған соң, қан көп кетті. Науқасты құтқарып қалу үшін басқа ауруханалардан анестезиологтар мен гинекологтарды шақыртып, қолдан келгеннің бәрін жасадық. Тіпті қан құйылса да, жағдайы нашарлап, ақыры көз жұмды", - деді Орал қалалық көпбейінді ауруханасының бөлімше меңгерушісі Наталья Кочегарова.

    Өмірге келмей жатып, анасыз қалған егіздерді перзентханадан туыстары алып кеткен. Олардың жағдайы қалыпты көрінеді.

    Айта кетсек, Оралда өткен аптада да жас ананың өлімі тіркелген болатын. Босанған соң, бірден комаға кеткен Таңшолпан Мұқанова ес жимастан қайтыс болған еді. Туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлайды.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, соңғы екі жылда 13 жүкті келіншек дүниеден өткен. Ал 2019-жылдан бері өңірде бір жасқа толмаған 331 сәби шетінеп кеткен.

    Авторы: Е. Карин

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.