jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда ерлі-зайыпты мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді

    Сәби
    Cәби. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Атырау қаласында ерлі-зайыпты мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді. 25 жастағы Альбина Бисешованың бұл екінші жүктілігі, деп жазады Ақжайық

    Басылымның хабарлауынша, үшем - екі қыз, бір ұл бала Атыраудағы қалалық перинаталдық орталықта 8 қараша күні өмірге келген.

    Нәрестелер шала туғандықтан жансақтау бөліміне ауыстырылып, арнайы инкубаторға жатқызылған.

    Қыз баланың бірі салмағы - 1750 г, бойы - 43 см, екінші қыз баланың салмағы – 1630 г, бойы – 45 см, ал ұл баланың салмағы - 1960 г, бойы – 42 см болып туған.

    Сәбилердің әкесі Мұрат Сұлтанов әйелінің жағдайы жақсы екенін, өзімен күнде хабарласып отырғанын айтады. 

    "УЗИ" дәрігері үшем екенін айтқанда, қуандық, сосын аман-есен дүниеге келсе екен деп уайымдадық. Бірден есіме осыдан 54 жыл бұрын үшемді дүниеге әкелген әжем түсті. Олар туралы кезінде газеттер жазды. Үшемге дейін әжемнің төрт баласы болған, менің әкем үлкені. Үшемнің ішіндегі бір ағамның қызы бірнеше жыл бұрын егіз босанған", - дейді Мұрат. 

    Басылымның жазуынша, Мұрат №38 мектеп-лицейде алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінен, ал Альбина Қасым Қайсенов атындағы №33 мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.  

    "Әрине, Альбинаға үш баланы құрсақта көтеріп, дүниеге әкелу оңай болған жоқ. Біз барынша моральдық, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуге, үй жұмысын көп жасатпауға тырыстық. Өзі де дәрігердің ерекше бақылауында болды", - дейді көпбалалы әке.

    Айта кетейік, Мұрат пен Альбинаның үшемнен бөлек, бір қыздары бар.

    Атырауда ерлі-зайыпты мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.