Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судың сіз білмейтін таңғажайып 5 қасиеті

Опубликовано:

Су – тіршіліктің көзі. Онсыз адам баласының өмір сүруі мүмкін емес. Осы орайда massaget.kz порталы су туралы сіз білмейтін деректерді назарларыңызға ұсынады.

1. Су (H2О) – химиялық қоспа. Бірақ су жан-жақты қамтылған сұйықтық. Сондықтан нағыз табиғи әрі мөлдір таза суды табу мүмкін емес. Су жолында кездескен заттармен бірігіп, қоспаға айналып кетеді. Соның есебінде адам таза су емес, қоспалармен түзілген суды пайдаланды. Айта кету керек, біздің Жер шарында ғана су үш күйде кездеседі: сұйық, қатты және газ түрінде.

2. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Біздің денеміздің 60-70% судан тұратыны осыған дәлел. Ал балаларда – 80 %. Су тіршілік көзі ретінде ағзада алар орны ерекше. Себебі судың міндетіне жасушаларға құнарлы заттарды жеткізу, дәрумендер мен микроэлементтерді тасымалдау және тыныс алу қызметіне тікелей қатысу кіреді. Ғалымдар адам бойындағы судың мөлшерін 2%-ға азайтып жіберсе, адамның физикалық және ақыл күші 20 пайызға төмендеп кететінін дәлелдеді.

3. Судың адам үшін пайдасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бар-жоғы 1-2 кесе су күйзеліс пен шаршағанды басады. Жылына бір рет теңізге барып демалудың сыры осында жатыр. Суға шомылып тұру арқылы сіз жүрек талмасынан арыласыз, қан қысымының алдын аласыз.

4. Югославияда өте ерекше өзен бар. Өзен жаз және қыс мезгілінде мүлде су болмағандай жоқ болып, тартылып қалады да көктем мен күз мезгілінде балыққа толы арна салып ағады.

5. Антарктида тұз мөлшері ғаламдағы судың тұз мөлшерінен он бір есе көп өзен бар. Оның тұздылығы сонша -50 градустағы аязда су астында тоңбайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1395692-sudynh-siz-bilmeytin-tanhghazhayyp-5-qasie/

pixel