RU

Асанәлі Әшімов: Бекежан тек сүйген қызын алғысы келген батыр жігіт

Халық әртісі Асанәлі Әшімов «Қыз Жібектегі» Бекежанды өмір бойы жақтап өтпекші. Ол Ел тек жамандығын көретін батырдың жақсы жақтарын ғана аңғаратынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Асанәлі Әшімов. Фото: Turkystan.kz
Асанәлі Әшімов. Фото: Turkystan.kz: UGC
«Мен Бекежанның адвокатымын. Бекежан елге еңбегі сіңген жігіт. Өзінің сүйген қызын жар етіп алғысы келеді. Оның алдынан ештеңе тындырмаған, тек бет-әлпеті әдемі Төлеген шыға келеді. Қыздар үнемі сондайға қарайды ғой. Бекежан Төлегенге түсіндіріп айтты, жөніңмен кете ғой деп. Енді өлтірмегенде басқа не істеуі керек еді», - деді кейіпкерін жақтаған Әшімов күліп отырып.
"Қыз жібек" фильмі. Фото:qamshy.kz
"Қыз жібек" фильмі. Фото:qamshy.kz: UGC
«Бекежан жаман кейіпкер емес. Жаман адамның жүрегінде махаббат болмайды ғой... Біздер сахнада президенттен бастап дворникке дейін ойнаймыз. Әр ойында халыққа айтқымыз келген, жеткізгіміз келген ой, сөз болады. Біздің жұмысымыз халықпен тығыз байланысты", – деп сөзін қорытындылады халық әртісі.

Сондай-ақ ол «Әртіс үшін халықтың сүйіспеншілігінен артық марапат жоқ. Мен өз профессиямды жек көріп келіп, сүйіп кетіп бара жатырмын», – деді көпшілікпен кездесуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/interesno/1718258-asanli-simov-bekezan-tek-sjgen-kyzyn-algysy-kelgen-batyr-zigit/