Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан президенті ең нашар ауылды 45 күнде жайнатып жіберді (видео)

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың тапсырмасымен Манас ауылы 45 күнде қайта салынып шыққан деп хабарлайды azattyq-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбекстан президенті ең нашар ауылды 45 күнде жайнатып жіберді. Фото: NUR.KZ
Өзбекстан президенті ең нашар ауылды 45 күнде жайнатып жіберді. Фото: NUR.KZ: UGC

Дустлак ауданына қарасты Манас ауылы екі ай көлемінде адам танымастай өзгеріп кеткен.

2018 жылдың ақпанында қираған ауылдар тізімінде тұрған Манасқа бүгінде жол жүргізіліп, екі қабатты тұрғын үйлер салынған. Сондай-ақ ауылда заманауи мектептер мен аурухана, балабақшалар да бой көтерді.

«Халқымның осылай өмір сүріп жатқаны жүрегімді ауыртады. Егер ең сорақы ауылдарды жөндеуден бастамасақ, менің «Абаттанған ауыл» атты бағдарламама ешкім сенбейтін еді», - деді Өзбекстан президенті.

30 наурыз күні Мирзияев ауылды аралап, жаңа кәсіпкерлердің ісін тексеріп, ауруханалардың жай-күйін білді.

Айта кетейік, Манас ауылы 1960 жылдары құрылған. Қазіргі уақытта мұнда алты мыңнан аса адам мекен етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724824-zbekstan-prezidenti-e-nasar-auyldy-45-knde-zajnatyp-ziberdi-video/

pixel