RU

Ғалымдар эротикалық түс көрудің құпиясын ашты

Америкалық психолог мамандар зерттеу жүргізу барысында эротикалық түстерді көрудің құпиясын ашты. Бұл туралы NUR.KZ порталы rus.tvnet.lv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түс көру. Көрнекі фото: rus.tvnet.lv
Түс көру. Көрнекі фото: rus.tvnet.lv: UGC

Адамның эротикалық түс көріп, тіпті оны сезіне алуының себебін анықтамақ болған ғалымдар 670 адамға тәжірибе жүргізді. Тәжірибеге қатысқандардың бәрі денсаулығында кінәрат жоқ жас студенттер.

Нәтижесінде мамандар эротикалық түсті өңінде сезіне алатындарға оның белгілі бір позада ұйықтап жатуы себеп деген тоқтамға келген.

Нақтырақ айтқанда, ішімен жатқанды ұнататын адамдар эротикалық түс көруге бейім болып шықты. Олар әзірге мұның нақты себебін анықтай алмай отыр.

Дегенмен олар ішпен жатып ұйықтау денсаулыққа зиян екенін ескертуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/interesno/1726488-galymdar-erotikalyk-ts-krudi-kpiasyn-asty/