Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұптардың қарым-қатынасын жақсартатын төрт әдет

Опубликовано:

Жұптар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, берік қарым-қатынас пен махаббатты сақтап қала алады. Бұл туралы Пенсильван университетінің психологы Сюзи Павелски және оның әріптесі әрі жұбайы Джеймс Павелски айтты деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұп. Көрнекі фото: pixabay
Жұп. Көрнекі фото: pixabay: UGC

Олар соңғы он жыл бойы бақытты қарым-қатынастың оңай жолдарын табуға зерттеу жүргізген.

Психологтардың айтуынша, жұбайлар бір-бірінің әдеттері мен сүйікті істерін қалыптастыруға мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар әрқашан көңілді ойлап, өмірлік тәжірибені бірге қалыптастыру керек.

«Қарым-қатынаста гармония мен құштарлықты сақтап қалу керек, өмірлік тәжірибеден ләззат алып, бір-біріне күш беру керек», - дейді мамандар.

Бойымызда жақсы әдеттерді қалыптастыру үшін бірнеше кеңестерге құлақ түрген дұрыс: жұбайыңызға барлық құпияларыңызды айтып беріңіз, бала кезіңіздегі арманыңыз бен болашаққа құрған жоспарларыңыз туралы да жасырмаңыз.

Екеуіңізден «бөлек өмірді» ұмытпаңыз, бір-біріңізбен жарысудың орнына, бірге бір бағытқа қарай жүріңіздер.

Өмірдің ертегіден айырмашылығы, өмір әрқашан жақсылықпен аяқталмайды. Сондықтан денеміздегі кез-келген бұлшықет секілді махаббат та шынығуды талап етеді. Егер қарым-қатынасты тұрақты түрде жаттықтырып тұрсаңыз, мықты әрі берік болады.

Психолог жұбайларға позитивті ойлаудың да көмегі мол екенін атап өтті. Жақсы ойлау арқылы бірге өткізген әрбір сәтті көңілді етуге болады.

«Қиын сәттерде жұбыңыздың мықты тұстарын еске алып, оның да жеке тұлға екенін ұмытпаңыз. Бір-бірлеріңіздің бойыңыздағы айырмашылық түсінісуге көмектеседі. Әрбір жұптың арасында жылулық болады, ең бастысы сол жылулықты сақтап қалуға тырысыңыздар», - дейді психолог.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1726521-zptardy-karym-katynasyn-zaksartatyn-trt-det/

pixel