RU

Шымкенттік болжаушы: Жаңбыр шілде айына дейін жалғасады

Жыл сайын 22 нау­рызда ұзақ мерзімдік болжамдар жасайтын шымкенттік ауа райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай биыл­ғы жылға өз болжамдарымен бөлісті деп хабарлайды Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: KotoMail.ru
Көрнекі фото: KotoMail.ru: UGC

Нұрғабыл Қозыбайдың болжамына, биылғы көктем жаңбырлы болып, жауын-шашынды ауа райы шілде айына дейін жалғасады.

"Шілдеде де жаңбыр жауып кететін күндер кездеседі. Егін егемін дегендер құрғақшылық болады деп қорықпай-ақ іске кірісе берсе болады", - дейді ол.

Нұрғабыл Қозыбайдың болжамынша, сәуір айының алғашқы онкүндігі жаңбырлы болады. 10 – 16-сәуір аралығында да жаңбыр жауады, күн суытады. Бұл өлара кезең болғандықтан таулы аудандарда қар жауып кетуі де мүмкін.

Бұдан кейінгі жаңбырлы күндер 23 – 25-сәуір аралығын қамтиды.

Ашық күндер айдың екінші жартысында болады. Ауа райы 20 – 25 градусқа дейін жылиды.

Ал мамырдың 1 – 4, 10 – 15, 20 – 25 аралығы жауын-шашынды болады. Жаңбыр бұл аталғаннан басқа күндері де жаууы ықтимал.

Маусымның 1 – 3-і, 9 – 13-і, 20 – 23-і аралығында да жаңбыр жаууы тиіс.

1 – 2-шілдеде кей жерлерде жаңбыр жауса, 10 – 13-шілдеде таулы аудандарда жауын-шашын болады.

Тамыз айында 40 градус үстіндегі ыстықтар болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/interesno/1726778-symkenttik-bolzausy-zabyr-silde-ajyna-dejin-zalgasady/