Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көше қаңғыбасының образдарын айнытпай көшіріп алған әйгілі бренд анықталды (фото)

Опубликовано:

Украиндық көше кезбесі
Фото: Instagarm/slaviksfashion

Украиндық фотограф атақты француз брендін көше қаңғыбасының киім үлгісін қайталады деп айыптады. Юрко Дячишин VTMNTS брендінің жаңа киім топтамасы 2011-2013 жылдары өзі суретке түсірген Славик есімді украиндық үй-күйсіз ер адамның образына қатты ұқсайтынын алға тартады деп жазады knife.media басылымы.

Дячишин Славикпен Львов көшелерінің бірінде танысқан. Фотограф қаңғыбас ер адамның киім үлгісіне қызығушылық танытқан. Өйткені Славик әр кез түрлі образда киініп жүретін болған.

"Ол қоқыс жәшігін ақтарып жүрмейтін, басқа қаңғыбас адамдармен сөйлеспейтін. Оны бір киіммен жүргенін байқамаппын, басында баспанасы жоқ адам үшін өте қызық жағдай. Күн сайын киім ауыстырып тұруынан бөлек ол шаш үлгісін өзгертіп, сақалын қырып жүретін", - деп еске алады Славикті фотограф.

Дячишин Славикті суретке түсіріп, әлеуметтік желіге Slavik’s Fashion атты парақшада жариялап отырған. Парақша тез танылып, ол туралы Vogue Paris, The Telegraph, Mirror, La Repubblica және Esquire басылымдары жаза бастаған.

2013 жылы Славик жоғалып кетті. Бірақ оның образдары сәнгерлерге идея беріп отырған. Оның қатарында Vetements брендінің бұрынғы дизайнері Демна Гвасалия да бар. Сәнгер Славиктің бірқатар идеяларын өзінің жаңа коллекциясына пайдаланғанын да мойындаған. Бренд өкілдері тіпті Славикті Париждегі сән көрсетіліміне шақырған. Сол кезде олар Славиктің ешқандай да модель емес, шын мәнінде баспанасы жоқ қаңғыбас екенін біліп таңғалған.

Дячищин бұл бренд Славиктің образдарын қайта көшіріп алды деп ойлайды.

«Slavik’s Fashion көптеген сәнгерлерге шабыт берді. Бірақ оны әркім мойындай бермейді. Әсіресе француздық Vetements бренді. Алғашында олар бұл туралы айтып жүрсе, жаңа топтамасында мүлде ескермеген. Ең қызығы осы жолы кейбір образдары тұп-тура көшіріліп алынған", - деп жазды фотограф Instagram-да.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924506-kose-qangybasynyn-obrazdaryn-ainytpai-kosirip-algan-aigili-brend-anyqtaldy-foto/

pixel