Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BMW концерні көліктерін сату бойынша рекорд жаңартты

Опубликовано:

BMW-ның негізгі бәсекелестері - Audi мен Mercedes көліктері де 2015 жылы көп сатылды, алайда алғашқы компанияны олар басып оза алмады, деп жазады ВВС агенттігіне сілтеме жасап Қазақпарат.

«Bayerische Motoren Werke» AG» (BMW) автоконцерні 2014 жылмен (6,1 пайыз) салыстырғанда, 2015 жылы көлік сату бойынша рекорд орнатқан.

Неміс өндірушісі бес жыл қатарынан «люкс» сыныбындағы сатылған көлік саны бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Әлем бойынша BMW, MINI және Rolls-Royce маркалы 2, 247 миллион көлік сатылған, делінген компания есебінде.

BMW сатылу көлемінің өсімі - Еуропада - 9,4%, Америкада 2,8%, Азияда - 4,2%-ға артқан. Ал, Қытайда сатылым көлемі небары 1,7%-ға өскен.

Неміс автоконцерні нәтижелері 2015 жылы желтоқсанда сатылым 0,8 пайызға төмендемегенде бұдан да жоғары болар еді.

BMW басшылығы 2015 жылды сәтті жыл деп санайды. Осы оң үрдіс 2016 жылы да сақталады деген үмітте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1010589-bmw-koncerni-kolikterin-satu-boyynsha-rek/