Күйеуіңнің алдында қалай шешінген дұрыс: 1937 жылдың нұсқаулығы
Опубликовано:
1937 жылдың өзінде әйелдер ер кісінің "басын айналдырудың" түрлі әдістерін ойластырумен болған. Бұған дәлел - күйеуіңнің алдында қалай шешінген дұрыс екенін көрсететін нұсқаулық. Бұл нұсқаулық, тіпті заманауи келіншектерге де қызықты болуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ порталы bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.
Life журналы 1937 жылы шығарған нұсқаулық, тіпті қалай күйеуіңнің алдында киінбеген абзал екенін де көрсеткен. Солардың біразын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1937 жылы Манхэттендегі әлеуметтанушы профессор Ален Гилберт әйелдерге «Шешіну мектебін» ашып, күйеуінің алдында дұрыс шешінудің әдіс-тәсілдерін үйретті.
Life журналы, тіпті осыған орай нұсқаулық шығарып, дұрыс және бұрыс шешінуді назарға салған.
Оқытушылар арасында екі биші Джун Сент-Клер (оң жағында) мен Конни Фонзалу (сол жағында) болған.
«Жақсы шешіне білудің де отбасылық өмірде өз маңыздылығы бар».
Гилберт өзінің мектебінде 48 әйел білім алып жатқанын мәлімдеген. Олардың әрқайсысы алты сабақ үшін 30 доллардан төлеп отырған. Бұны бүгінгі бағаға шақсақ, 500 долларға дейін барады.
Шұлықты қалай дұрыс шешу керек?
Гилберттің айтуынша, неке көбіне әйелдің жатын бөлмеде өзін қалай болса солай ұстауынан кейін бұзылып жатады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1013325-kuyeuinhninh-aldynda-qalay-sheshingen-du/