Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең жолы болғыш адам жеті рет өлімнен аман қалған

Опубликовано:

Бұл адам 7 рет өлім аузынан аман қалып, кейін лотореядан миллион ұтып алған.Хорваттық музыка пәнінің мұғалімі Фране Селакты The Daily Telegraph басылымы «ең жолы болғаш адам» деп тапқан деп жазады әлеуметтік желідегі "Мағыналы әңгімелер" тобы.

1962 жылы ол отырған пойыз рельстен шығып, бірнеше рет аударылып суға құлаған. 17 адам қаза тапқан. Селак сынған қолымен жағаға жүзіп шығып аман қалады.

Жыл өткен соң Селак Загреб-Риека бағытына ұшатын ұшаққа мінеді. Әуеде ұшақтың есігі жұлынып, 19 адам қаза табады. Селак жиналған шөптің үстіне құлап аман қалады.

1966 жылы ол отырған автобус апатқа түседі. Төрт адам қайтыс болады. Селак жеңіл жарақат алады.

1970 жылы Селактың жүргізіп келе жатқан көлігі өртенеді. Көліктен шығып өртті сөндірмекші болғанда көлігі жарылады. Үш жылдан кейін көлігі тағы өртеніп Селак шашсыз қалады.

1995 жылы Селакты автобус қағады. Бұл жолы да ол тек жеңіл жарақат алады. Бір жылдан кейін таулы аймақта жүк көлігімен соқтығысуға аз қалғанда, көлігінен секіріп үлгеріп аман қалады.

2003 жылы Селак лотореядан миллион доллар ұтып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1014003-alemdegi-enh-zholy-bolghysh-adam-zheti-ret-o/

pixel