Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропаның 28 елінде сатылатын үздік көше тағамдары

Опубликовано:

Тәжірибелі саяхатшылар шетелде арзан әрі дәмді тағамдарды көшеден сатып алуға болатынын жақсы біледі. Ондай тағамдар арасында елдің дәстүрлі тағамдары да баршылық. NUR.KZ порталы Еуропаның 28 елінде сатылатын үздік көше тағамдарын daypic.ru-ға сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Чевапчичи, Хорватия

Бұл тағам сарымсақпен қуырылған шұжықтан жасалған.

2. Карривурст, Германия

Карривурст — Германиядағы ең сұранысқа ие фастфуд: қуырылған сарделькаға арнайы тұздық пен карри қосылады.

3. Танымал балмұздақ, Италия

Итальяндық балмұздақ елдің аңызға айналған тәттісі десек артық болмас. Кез-келген саяхатшы бұл десерттен дәм татпай кетпейді.

4. Майшабақ, Нидерланд

Өз маусымында ол өте арзан тұрады. Пияз, тұздалған қияр және зәйтүн майын араластырып береді. Нағыз голландтық майшабақтың дәмі тіл үйіріп, ауызыңда нәзік балмұздақтай ериді.

5. Қуырылған картоп, Бельгия

Бельгиялық вафли көше тағамдары ішінде алдыңғы қатарда болғанымен, тұздық қосылған қуырылған картоптан да дәм  татсаңыз өкінбейсіз.

6. Галет-құймақтар, Франция

Галет-құймақтар - Францияда қарақұмық жармасынан жасалатын және жұмыртқа мен ветчина қосылып беретін тағам.

7. Имкварет, Мальта

Шыжып тұрған майға қуырылатын қытырлақ бәліш.

8. Босна, Австрия

Австриялық Босна деп аталатын тағам неміс сосискасынан, пияздан, карриден кетчуп пен қышадан жасалады.

9. Сувлаки, Кипр

Кішігірім кәуаптар. Көбіне шошқа етінен, сирек жағдайда қой, тауық және балық етінен жасалады.

10. Жағылған ірімшік, Чехия

Өте нәзік қуырылған ірімшік.

11. Баница, Болгария

Баница — сүзбеден, көкөністен, жемістен немесе еттен жасалатын қатпарлы қамырмен иленген тағам.

12. Хот-дог, Дания

Өте тәтті хот-дог, оны Данияның кез-келген жерінен сатып алуға болады.

13. Салака, Эстония

Салака — барлық эстондықтардың сүйікті балығы. Ол әдетте қарабидай нанымен, дәмдеуіштермен және тұздалған қиярмен бірге беріледі.

14. Паштел де ната, Португалия

Паштел де ната — қайнатылған кілегей кремімен жасалған тәтті нан.

15. Карельдік бәліш, Финляндия

Дәстүрлі карельдік қарабидай бәліші күріш ботқасымен, арпа ботқасымен немесе картоп езбесімен бірге беріледі.

16. Гирос, Греция

Дәстүрлі грек тіскебасары. Түріктің донері немесе арабтың шауырмасына ұқсас. Айырмашылығы - гиросқа ет пен тұздықтан бөлек фри картобын салады.

17. Лангош, Венгрия

Тағам ашытылған қамырдан жасалған шелпек түрінде беріледі. Көбіне сарымсақ тұздығы, қаймақ, ірімшікпен қоса қойылады.

18. Мидии, Ирландия

Мидиялық фермалар 1234 жылы Ирландияда ашылған. Сол себепті, мидияларды мәдениетінің бір бөлшегі деп санайды.

19. Шпек қосылған бәліш, Латвия

Бәліштер сүрленген еттің майымен немесе пияз аралас беконмен беріледі.

20. Кибинай, Литва

Кибинай — танымал караимдік бәліштер. Оған туралған ет немесе фарш қосылады.

21. Картоп шелпектері, Люксембург

Танымал қытырлақ картоп шелпектері пиязбен бірге беріледі.

22. Ковриги, Румыния

Құмшекер мен көкнәр қосылған кесек нан.

23. Бурекас, Словения

Олар орыс бәліштеріне ұқсас, алайда қатпарланған қамырдан жасалып, қашан да пеште әзірленеді.

24. Корниш пасти, Ұлыбритания

Корниш пасти — ұлттық ағылшын бәліші. Сиыр еті, картоп және пияздан жасалады.

25. Трдельник, Словакия

Тәтті қамырдан жасалған бәліштер даршын, жаңғақ және қантпен дәмделеді.

26. Бокадильос де тортилья, Испания

«Бокадильостың» аудармасы - «бутерброд». Түрлі нәрселер қосылып беріледі: ветчина, ірімшік, картоп, тунец, жұмыртқа тағысын тағылар.

27. Майшабақ қосылан бутербродтар, Швеция

Қуырылған майшабақ қосылған бутербродтарға пияз бен тұздық қосылады.

28. Көмеш, Польша

Бұл ашық бутерброд саңырауқұлақ, ерітілген ірімшік және еттен жасалады. Әдетте кетчуп және жасыл жуа қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1014660-europanynh-28-elinde-satylatyn-uzdik-kosh/

pixel