RU

Марстағы өзеннің суреті жарияланды

Ғаламторда Марстағы көне өзен арнасының суреті жарияланды. Аса жоғары сападағы суретте оның Марс картасындағы орны белгіленген деп хабарлайды inform.kz.

Сурет 2015 жылы 25 қыркүйекте ғарыш аппаратында орнатылған камерамен түсірілген деп жазады newsru.com сайты.

Суретте Ацидалий жазығының бір бөлігі көрсетілген, ол марс экваторының солтүстігінде жатыр. Өзеннің қай дәуірде болғаны, онда не аққаны әзірге белгісіз. Өзен арнасы жер бетіндегі су аққан аңғарларға өте ұқсайды.

Аризона университетінің сайтында жарияланған сурет бірнеше нұсқада берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1015519-marstaghy-ozenninh-sureti-zhariyalandy/