Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзі қыли мысық Instagram-да жұлдызға айналды (фото)

Опубликовано:

Бам есімді мұңды қыли көз мысық Instagram жұлдызына айналды. Бұл туралы Mashable хабарлайды деп жазады 24.kz.

Бам және тағы 4 мысықты Калифорнияның Сан-Диего қаласындағы жұмысшылар құтқарып қалған. Олар сол сәттен бастап жануардың ерекшелігін байқаған. Оның көздері қыли және бет-жүзі ерекше болғандықтан мұңды болып көрінеді.

Ал мекеме қызметкерлері мысықтың өте көңілді екенін және адамдармен тез тіл табысатындығын айтуда. Өзінің ерекшелігінің арқасында үй жануары Instagram жұлдызына айналды.

Бір айға жуық уақыттың ішінде оның аккаунтына 3000-нан астам адам тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1032119-kozi-qyli-mysyq-instagram-da-zhuldyzgha-aynaldy/

pixel