Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1957 жылы шыққан Ferrari 10 минуттың ішінде рекордтық бағаға сатылып кетті

Опубликовано:

Париждегі аукционда 1957 жылы шыққан Ferrari көлігі 32 млн еуроға сатылды деп жазады 24.kz.

Бұл – Еуропаның автонарығы үшін рекордты баға. Темір тұлпар үшін 2 адам 10 минут бойы таласқа түсіп, ақырында аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген клиент суперкар үшін 28 млн еуро ұсынған.

Сома көлемі салықты қоса есептегенде 32 млн еуроға жетті. Бұл көлікпен кезінде жарыста әлемдік рекорд орнатылыпты.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі коллекционерлер өте сирек кездесетін классикалық темір тұлпарларға қызығады екен. Олардың қымбатқа сатылу себебі де сол көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1037790-1957-zhyly-shyqqan-ferrari-rekordty-baghagha-satyly/